Біз туралы

Біз туралы

First Tech: АТ және жаңа технологияларды ұнататын, осы нарықтағы үздік командаларға инвестиция салатын венчурлік қорға қош келдіңіз. Үздік болу, бір қадам ілгері жүру қағидатын біз күн сайын өз жұмысымызда жүзеге асырамыз.

Қор тек қана жұмсалған уақыт пен қаржы, көптеген сәтті және сәтсіз жеке жобалар есебінен алынған, бірегей тәжірибе жинақтауға, осы тәжірибемен бөлісуге және басқа кәсіпкерлерге қол ұшын созуға мүмкіндік берген жинақталған тәжірибе мен білімнің нәтижесінде пайда болды.

Үздік басым сегменттер

  • Жаңа қаржылық технологиялар: қаржы экожүйесінің болашағын өзгертуге қабілетті сервистер мен өнімдер
  • Жарнамадағы жаңа технологиялар: пайдаланушы үшін ақпаратты барынша дәл дербестендіруге мүмкіндік беретін қызметтер мен өнімдер
  • Білім берудегі АТ: оқыту үдерісін оңтайландыруға арналған сервистер мен өнімдер
  • Бұлтты технологиялар: шағын және орта бизнеске арналған SaaS сервистер
  • Цифрлық медицина: медициналық қызмет көрсету және денсаулықты бақылау тиімділігін арттыру үшін b2b және b2c шешімдер

Өңдеуші
өнеркәсіп

Өнеркәсіптік
өндіріс

Құрылыс

Ритейл

Көлік
логистикасы

Қаржылық
сектор

НЕЛІКТЕН БІЗ?

Біз әрдайым ең «серпінді» технологияларды, ең перспективалы сегменттерді және ең дарынды кәсіпкерлерді ТАҢДАЙМЫЗ. Және оларға ең жақсы келісім мен ынтымақтастық шарттарын ұсынамыз.

Біз өз ақшасын басқаруға сеніп тапсыратындар үшін жоғары табыстылыққа тәжірибе жасаудан қорықпаймыз, инвестициялайтын кәсіпорындар үшін пайдалы әрі қолайлы болудан және жалпы венчурлік сала үшін – инновациялық болудан қашқақтамаймыз.

 

Біз компанияның мамандануына, оның даму кезеңіне және бизнес-мақсаттарға сүйене отырып, кез келген бизнес үшін инвестициялаудың оңтайлы моделін ұсынамыз.

Бізге қордың табыстылығы түріндегі қаржылық нәтиже ғана емес, біз инвестициялайтын әрбір бизнестің сәттілігі маңызды. Біз табысты оқиғалар санын барынша арттыруға ұмтыламыз.

 

Біз ең үздік венчурлық тәжірибеге және жеке жан-жақты тәжірибемізге сүйеніп жұмыс істейміз. Біз инвестициялық үдеріс туралы және оның көмегімен ақша табу туралы бәрін білеміз.

Біз үлкен корпорацияларды басқара және табысты бизнес құра аламыз. Біз нарықтың: АТ, интернет, сондай-ақ медиа және жарнама технологиялары мен трендтерін түсінеміз.
ЕҢ БАСТЫСЫ, өз ісімізді жақсы көреміз және оны жақсы атқарамыз.

Компанияны бағалау кезінде бізге оның командасымен бір эмоциялық толқында болу маңызды: бұл ынтымақтастықтың сапасын және бизнестің қарқынды өсуі мен табыстылығы мүмкіндігін арттырады.

Өз жобаңызға ақшаны қалай алуға болады:

01

Команда мен жобаның презентациясын дайындаңыз

02

Қор менеджерінің алдында жобаны қорғаңыз

03

Инвестиция және қосымша опциялар алыңыз

04

Жобаны нарыққа шығарыңыз